Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирді жеңіспен бастады
Елена Рыбакина Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сидней мен Пертте (Аустралия) өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирін жеңіспен бастады. Қазақстанның бірінші ракеткасы испандық теннисші Джессика Бузас Манейромен (54-орын) кездесті. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте (6:2, 6:3) сенімді түрде жеңіске жетіп, Қазақстан мен Испания арасындағы матчта есепті теңестірді (1:1).
2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын турнирде қазақстандықтар "С" тобына түсіп, Испания және Греция құрамаларымен бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команданың капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды

