Елена Рыбакина Америкадан келген ұсыныстар туралы айтты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық колледждерден түскен ұсыныстар туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдегі баспасөз мәслихатында Рыбакина өзіне америкалық оқу орындарынан ұсыныстар түскенін айтты.
“Шынымды айтсам, тіпті қандай оқу орындарынан келгені есімде жоқ. Себебі қыңыр болдым, бар ойым өзімді кәсіби спортшы ретінде сынау болды. Бұл ұсыныстардың барлығын әкеме беретінмін. Сол кезде ол өзіне ұнаған үшеуін таңдаған сияқты. Бірақ нақты есімде жоқ", - деді Рыбакина.
16 наурызда Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жартылай финалға шығу үшін чехиялық Каролина Мучоваға қарсы ойнайды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

