Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік бестіктегі орынын сақтап қалды
Жақында ғана Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің финалында күтпеген жерден жеңіліп қалған Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі 4-орынын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚТФ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннисі қауымдастығының жаңартылған рейтингінде үздік бестіктегі орынын сақтап, 5848 ұпаймен 4-орында тұр. Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында америкалық Даниэль Коллинзге есе жіберген отандасымыздың алдында 10 835 ұпаймен польшалық Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко (8045 ұпай) және америкалық Кори Гауфф (7205 ұпай) тұр. Айтпақшы, дәл осы WTA 1000 турнирінің ширек финалында сүрінген Юлия Путинцева 52-орыннан, 50-орынға көтерілген.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына екінші рет шығып, Даниэль Коллинзға екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол Коллинзге екінші рет есе жіберіп отыр.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"