Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына шыға алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
1/8 финалда қазақстандық теннисші 17 жастағы Ресейдің жұлдызы Мирра Андрееваға қарсы ойнады. Алғашқы сетте Рыбакина 6:1 есебімен күтпеген жерден жеңіліс тапты. Екінші сетте де отандасымыз еш қарсылық көрсете алмады. Бұл сетте Андреева 6:2 есебімен жеңді. Осылайша 1 сағат 7 минутқа созылған ойында Елена ширек финалға шыға алмады.
Мирра ¼ финалда Украина спортшысы Элина Свитолинаға қарсы кездесу өткізеді. Қазіргі сәтте бұл теннисші рейтингте 23-орында келеді.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін ресейлік теннисшіден Дубайда өткен жарыстың жартылай финалында ұтылған еді.
Қазір Елена Рыбакина Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) рейтингінде 7-орында, ал Мирра Андреева 11-орында келеді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”