Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымында қарсыласын ойсырата жеңді
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші раундта Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, әлемнің 9-ракеткасы Гарбинье Мугурусуды ойсырата жеңді. Ойын 1 сағат 15 минутқа жалғасып, 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.
Рыбакина 8 рет допты асыра беріп, 1 рет екі еселенген қателік жасады. Сонымен қатар 6 рет брейк-пойн алды. Мугурусу 5 рет эйс жасап, 5 рет екі еселенген қателік жасады.
Цинциннатидегі әйелдер турнирінің жалпы жүлде қоры 2 527 250 долларға тең. Қазіргі чемпион Эшли Барти маусым басында спорттық мансабын аяқтаған.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

