Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open жарысынан кейінгі бірінші турниріне қатысты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 ақпанда отандасымыз Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open сайысында бақ сынады.
Турнирде оның алғашқы қарсыласы әлемнің экс-бірінші ракеткасы, цехиялық Каролина Плишкова болды.
Теннисшілер екінші айналымда бір-біріне қарсы ойнады. Нәтижесінде Рыбакина 6:4 және 6:2 есептерімен жеңіске жетті.
Ширек финалда қазақстандық Юлия Путинцева Елена Рыбакинаға қарсы ойнауы мүмкін. Дегенмен бұл үшін ол Бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад-Майяны жеңуі керек.
Жасөспірімнің қорқынышты суреттері көпшіліктің назарын аударды: Психолог ата-аналарға ескерту жасады
Жағдайды жасөспірімнің әпкесі желіде баяндап, кеңес сұрады
Қарағандыда 2 жасар баланың басына мәдениет үйінің кірпіші құлап, қаза тапты: Анасы нысанның әлі жұмыс істеп тұрғанына наразы
Сабина: "Ғимараттың кірпіштері үгітіліп, құлап жатыр"

