Электронды темекі шеккен жасөспірімнің жүрегі тоқтап көз жұмды
Ресейде электронды темекі шеккен соң оқушының жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. 17 жастағы қыз Улан-Уде қаласында көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, жасөспірім жуынатын бөлмеге кіріп кетіп, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Алаңдаған туысы есікті бұзып кіргенде оқушы ес-түссіз еденде жатқан екен.
Жанынан телефон мен электронды темекі табылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері электронды темекі шегуге арналған тағы екі құрылғыys көрген. Тәркіленген заттар зерттеуге жіберілді. Қыздың өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"