Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады
Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Жерлестері чемпионды сән-салтанатпен күтіп алған. Халық спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, тарихи жеңісімен құттықтады.
Аудан әкімдігі Елдос Сметовке шапан жауып, су жаңа “Haval” көлігін сыйлаған. Ал Сметов бұл көлікті өзінің алғашқы бапкеріне тарту етті.
“Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз”, – деді Елдос Сметов.
Еске салсақ, бұған дейін блогер Роза Әшірбаева Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүргенін сынағаны туралы жазған едік.
Күніне 1,6 млн теңге: Қазақстандағы банктер топ-менеджерлеріне 2025 жылы қанша сыйақы төледі
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады