"Елдің тәуелсіздігі осы күннен басталады": Парламент 25 қазанды ұлттық мереке ретінде белгілеу туралы заңды қабылдады
Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгілеу туралы өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізілген.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға келесі өзгерістерді енгізу жоспарланып отыр.
- 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгілеу;
- 16 желтоқсанды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні ретінде бекіту.
"25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітіледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде