Елде енгізілген карантин мал ұрлаушылардың жолын кесті
Қазақстанда келесі жылдан бастап үй малын мүмкін ұрлықтан сақтандыру басталады. Ол 2023 жылға дейін әзірленген мүлікті қорғау бағдарламасы аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Мал ұрлығы үшін жаза қатаңдатылғанына қарамастан, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ауылшаруашылық және жайылымдық жерлерден мал ұрлау жалғасып жатыр.
Жыл басынан бері полиция мыңнан астам тәртіп бұзушыны ұстады. Ұрлық көбінесе мал иелерінің жауапсыздығынан болады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, малдар бірнеше ай бойы иесіз жайылып жүре береді. Егер өткен жылы 11 мың бас ұрланған болса, биыл – 9 мың бас.
"10 айда ұрлық саны да 41%-ға азайды. Ұрланған малдың пайызы төрттен бірге азайды. Әрине, пандемияға байланысты карантиндік шараларды енгізу бұған айтарлықтай әсер етті", - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев.
Жаңа жылға жұмсалған миллиардтар: Бюджеттен бір теңге бөлмейтін өңірлер қайсы?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"