Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов депутат ретінде қандай жалақы алады?
Таяуда белгілі актер, елбасы туралы киноэпопеяда басты рөлді сомдаған Нұрлан Әлімжановқа мәжіліс депутаттығының мандаты берілетіні туралы шешім қабылданған еді. Депутат атанған актердің қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
ҚР Парламенті мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа депутаттардың жалақысы мен қосылатын үстемақы заң талаптарының аясында жүзеге асырылады. Заңнамаға сәйкес, бүгінгі таңда мәжіліс депутаттарының жалақысы 684 874 теңгені құрайды. Сонымен қатар аталған сомаға депутаттың еңбек өтіліне байланысты үстемақы қосылады екен.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың 16 тамызында Nur Otan партиясының тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықова, Нұрлан Әлімжанов, Нұржан Әшімбетов пен Жұлдыз Омарбековаға мәжіліс депутатының мандаттарын беру жөнінде шешім қабылданды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”