Гүлшара Әбдіхалықова мен Нұрлан Әлімжан депутат атанады
Nur Otan партиясы мәжілістің жаңа депутаттарының есімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаттығының мандаттары премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, актер Нұрлан Әлімжанов, Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетов пен ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбековаға тапсырылады. Nur Otan партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен партияның саяси кеңес бюросының отырысында осындай шешім қабылданды.
Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен