Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-президент Назарбаев пен оның отбасында заңда қандай артықшылықтары қалды – Министр жауабы

Әділет министрі Азамат Есқараев  экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қатысты заңда қандай артықшылықтар қалғанын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Nazarbayev.kz

Әділет министрі үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілі министрден "Заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында тағы қандай артықшылықтар қалды?"- деп сұрады.

Есқараевтың айтуынша экс-президентке қатысты қолсұқпау құзыреті, көлік және үймен қамту құқығы әлі де өз күшінде. Сонымен қатар министр  Назарбаев пен оның отбасына берілген арнайы артықшылықтардың қазіргі стаусы мен оларға берілген артықшылық нормаларының күшін жою туралы сұраққа да жауап берді. 

“Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Заңға тиісті түзетулер енгізілді. Мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңның логикалық жалғасы деп айтуға болады. Алайда жұмыс әлі жалғасып жатыр”, - дейді Азамат Есқараев.

Еске салсақ,  биыл жыл басында сенат спикері Мәулен Әшімбаев Назарбаевқа берілген "Құрметті сенатор" атағын алып тастағанын мәлімдеген болатын.  

Ал қазан айында Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев атында болған Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілген еді.

Сондай-ақ биыл қазанда Назарбаев Ұлттық қорды басқару кеңесінің құрамынан шығарылды.

Талқылау