Экс-министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке келді
Экс-министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: baiterek.gov.kz
Шарлапаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы ақпарат KASE қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жарияланды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген хабарламада.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
- Олжас Бектенов – директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр;
- Болат Жәмішев – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Лука Сутера – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Вонг Хэн Фай – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Нұрлан Жақыпов – "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасы;
- Мұхаммед Жамиль Әл Рамахи – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Қанат Шарлапаев – президент көмекшісі.
Еске салсақ, 2025 жылдың 28 ақпанында Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.