Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Экс келіні емеспін": Жарқынай Ханайым Баян Мақсатқызымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым Баян Мақсатқызымен шығармашылық байланыста екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Продюсер наурыз айында болатын шығармашылық кешіне дайындалып жатыр. Талантты актриса Баян Мақсатқызы туралы мюзиклде жас кезін сомдайтын көрінеді. 

“Жұмыс пен отбасылық өмірді араластырмаймын. Дәл қазір мұрнымыздан шаншылып жұмыс істеп жатырмыз. Менің жастық шағымнан мюзикл қойылады. Оған актрисаны ұзақ іздемедім. Жарқынайға хабарласып, “Келші, сен маған керексің дедім. Ол бірден келісті. Отбасылық өміріне араласпаймын”, – деді Баян Мақсатқызы. 



Одан кейін Жарқынай Ханайым үлкен сахнаға шығарған продюсеріне алғыс айтып, ұсынысынан бас тарта алмаған. 

“Мені экс келіні дегеннен гөрі, экс жобасы деген дұрыс болар. Баян Мақсатқызы – менің өнердегі анам. Сол кісінің арқасында сахнаға шығып, киноға түстім. Ал жеке отбасы мәселесіне келетін болсақ, қазір бәрі жақсы. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамын. Жақында өтетін шығармашылық кешіне шақырылғаныма қуанамын. Әнші ретінде қатысатын шығармын деп ойлап едім. Бірақ продюсердің жастық шағын сомдаймын. Өте қатты уайымдадым. Ол кісінің ел білмейтін құпиясы мюзиклде көрсетіледі. Одан кейін осы рөлім үшін өте көп гонорар аламын. Қаншама жобаға қатыссам да, дәл мұндай көп гонорарды ешкім бермепті. Баян Мақсатқызы адамның ақысын жемейді. Оны да айта кету керек”, – деп ағынан жарылды актриса. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы экс жұбайының бандит екенін айтқан еді. 

Талқылау