Швецияның карантиннен бас тартуы өзін ақтады
2020 жылдың үшінші тоқсанында Швеция елінің экономикасы болжамнан да көп өсті. Осылайша, елдің қатаң карантиннен бас тартуы өзін ақтады. Бұған Швецияның статистика агенттігінің мәліметтері дәлел.
Шілде-қыркүйек айларында елдің ЖІӨ екінші тоқсанға қарағанда 4,9 пайызға өсті, бұл бұрын болжанған 4,3 пайыздан көп. Өсімнің себебі жаз айларында коронавирус жағдайының жақсаруы және тұтынушылық сұраныстың артуы болды.
Алайда ел билігі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқандықтан төртінші тоқсанда теріс көрсеткіш болатынын деп ескертті.
Бұған дейін Швеция Орталық Банкі 2020 жылы экономикадағы жағдай бойынша жаңартылған болжам ұсынды, ол төмендеу жағына қайта қаралды. Банк өкілдері жыл қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ 3,6 пайызға төмендейді деп күткен еді. Жаңа болжам бойынша құлдырау 4 пайызға жетеді. 2021 жылғы өсім де аз болады: бастапқыда Орталық банк 3,7 пайызға өседі деп болжады, енді тек 2,6 пайызға бағалап отыр. Инфляция таргеттен 2 пайызға төмен болады.
Айта кетейік, Швецияның ЖІӨ 2020 жылдың екінші тоқсанында біріншіге қарағанда 8,6 пайызға төмендеді.
Швеция - Еуропалық Одақтағы коронавирус пандемиясы кезінде қатаң шектеулерден бас тартқан жалғыз мемлекет. Ел билігі ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және ауқымды экономикалық дағдарыстың алдын алуға ұмтылатынын мәлімдеді.