Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметі ұлттық дамудың жаңа жоспарын жасап шығарды

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, іс-шаралардың ұлттық жоспарының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үкімет

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысы барысында өзінің жоспарларымен бөлісті. 

"Экономика министрлігі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоба 7 негізгі қағидатқа сүйене отырып жүзеге аспақ. Бірінші бағыт - мемлекеттік басқаруың жаңа үлгісі. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан ары жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі қарастырылады", - дейді Дәленов. 

Сонымен қатар, ол экономика мен аймақтарды дамытуға ерекше мән берілетінін айтты. 

"Екінші - жаңа жағдайдағы экономикалық даму. Өндіруші өнеркәсіпті арттырып, агроөнеркәсіпке ерекше назар аударылады. Шағын және орта бизнесті оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларына қолдау көрсетіледі. Үшінші - аумақты дамыту. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға назар аударылатын болады. Төртінші - азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына басымдық беріледі. Зейнетақы қорының бір бөлігін беру жүзеге асырылады", - дейді Дәленов. 

Экономика министрі сапалы білім беру, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласын дамыту мемлекеттің дамыған елдер қатарына қосылуына әсер ететінін түсіндірді. 

"Бесінші - қолжетімді әрі сапалы білім. Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында жалпыға бірдей жүйе қалыптастырылады. Алтыншы -  денсаулық сақтау саласын дамыту. Медициналық инфорқұрылымды дамытып, барлық медициналық шаралар жүзеге асырылмақ. Жетінші - экология және биологиялық біркелкілікті қорғау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жалғасады", - деді экономика министрі. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр