Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды – БАҚ
БАҚ беттерінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Press.kz басылымы тағы бірнеше мемлекеттік қызметкердің ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет вице-министрдің ұсталғанын растамады әрі жоққа да шығармады.
"Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растаймыз.Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі отставкаға кеткенін, Роман Скляр уақытша премьер-министрдің міндетін атқаратыны туралы жазған едік.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ