AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақбөкеннің етінен консервіленген ет дайындала ма - Министр жауап берді

Экология министрі Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін ақбөкендердің санын реттеу қалай жүргізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы көктемде Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің саны 800 мыңнан асып кеткен еді. Экология министрлігі оның оннан бір бөлігін жойып, ақбөкеннің етінен консервіленген ет жасауды ұсынған. Алайда Тоқаев министрдің бұл шешімінен кейін оған сөгіс берді.

"Президенттің сынынан соң біз қайта бас қосып, тағы да осы мәселелерді талқылап, ғылыми зерттеу жүргізу керек деген қорытындыға келдік. Бұл өсімнің белгілі бір шегі бар. Олар шектен асып кеткен соң тамақ пен су үшін ішкі бәсекелестік басталып, ал бәсекелестіктің артуы жануарлардың өздерін ауруға және басқа қауіптерге осал етеді. Кеңес дәуірінде де осындай тәжірибе болды – олардың тиісті саны сақталды. Негізінде сол уақытта көбеюді дұрыс әрі сауатты жүргізген, оның ішінде тері, мүйіз өндіру және ақбөкен етін пайдалану бойынша", – деп атап өтті министр.



Экология министрлігі ақбөкен етінен консервіленген ет өндіруден бас тартты ма деген нақты сұраққа Экология министрлігінің басшысы әлі шешім қабылданған жоқ деп жауап берді.

"Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген соң кездесіп, шешім қабылдаймыз. Зерттеу бір немесе екі жылға созылуы мүмкін", – деді Серікқали Брекешев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр