Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақбөкендерді қорғайтын болады": Тоқаевтың сынынан кейін Экология министрлігі қателіктері бойынша қандай жұмыс атқаратынын айтты

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуандығын сақтау қауымдастығының өкілдері еліміздегі ақбөкен популяциясындағы экожүйелерді бағалау бойынша  толықққанды ғылыми зерттеулер жүргізу керек деген ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

акбокен

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен ғылыми ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ аңшылар қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен ақбөкен популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарастыруға арналған кеңес өткен.

Осылайша, мамандар әрбір популяцияның оңтайлы мөлшерін анықтауды жоспарлап отыр. Олар сондай-ақ мониторинг пен тұрақты басқар керектігін атап өтті. 

“Экология министрлігі ақбөкендерді сақтау үшін жануарлардың бұл түрін ерекше қорғауды жалғастыру, оның популяциясының санын орынды пайдалану қажетт деген пікір білдірді.

Бұл популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Бұл бойынша жұмыстар басталған көрінеді және министрліктің, барлық мүдделі тұлғалардың бақылауымен  әрі халықты ақпараттандырумен жүргізілетін болады деп жоспарлануда”, – дейді министрлікте.

Министр Серікқали Брекешев сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі жабайы жануарлар шабынын бүлдіруі салдарынан келтірген залалды есептеу әдістемесін әзірлеу керек және шаруаларға келтірілген шығынды өтеу мәселесін қарастыру қажет.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брекешевке ақбөкен атуға рұқсат бергені үшін сөгіс жариялаған болатын.

Талқылау