Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екінші Украина болуымыз мүмкін": Бекболат Тілеухан жалған ұлтшылдықтың кесірінен қазақтың басына күн туатынын айтты

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан жалған ұлтшылдыққа салынып, украиндардың жолымен жүру дұрыс еместігін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Видеодан алынды

Экс-депутат Дәурен Абаевтың "пещерный национализм" деген сөзін қолдайтынын ашып айтты. 

“Бұрын-соңды болмаған дәрежеде қазақтың басына күн туып тұр. Екінші Украина болуымыз мүмкін. Ұлтжандылықты ұлтшылдықпен шатыстырып алу жүріп жатыр. Дәурен Абаевты "пещерный национализм" деген сөзі үшін жерден алып, жерге салды ғой. Кейін ойланып, қарап отырсам, шынында да жабайы ұлтшылдық бар. Өйткені украин ұлтының түбіне жетті. Өз жерінен қуып, орнына басқа ұлт келіп жатқанын көріп отырсыңдар. Зеленскийдің айтқан сөзін естідің, ешқандай либералды Украина болмайды, бұл жерде үлкен Израиль болады деп айтты. Украина бізден көп – 45 миллион. Потенциалы бізден артық болмаса, кем емес. Еуропаның айтулы елдерінің бірі. Бірақ әсіреұлтшыл. Ұлтшыл деген басқа нәрсе. Мен сияқты ұлтшыл болыңдар. Құр ауызбен орақ орған өңкей қиқым емес. Аузыңмен орақ орма, жаңа технологияны меңгер, ағылшын, орыс тілің жетік болсын, кәсіпке ие бол. Бала-шағаңды асыра, сәбіз ек, мал бақ, жылқы өсір, спортпен айналыс. Кей адамдардың сөзіне қарасаң, ұлттың қамын керемет ойлап жүргендей болады. 20 мың теңге берсең, басқа жаққа қарай бұрылып кетеді. Тура Украинаның кебін кию үшін ол кетіп бара жатқан жолға түсуге болмайды. Қазақ дәл қазір бір-бірімен бірлеспесе, қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды”, – деді Бекболат Тілеухан. 

Айта кетейік, бұған дейін Бекболат Тілеуханның молда аралау әдетінде жоқ екенін айтып, ата-баба әруағына сыйыну күнә екенін жеткізгені Қазақстанда салафизмге ешқашан тыйым салынбайтынын айтқаны туралы жазған едік.

Талқылау