Екібастұзда 4 жасар бала ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап кетті
Екібастұзда 4 жасар бала беті ашық жатқан кәріз шұңқырына түсіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Баланың кәріз шұңқырына құлап кеткені туралы ақпарат жедел жәрдем қызметіне сағат 13:39 шамасында келіп түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына бес минуттың ішінде жеткен.
“Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем келгенге дейін баланы құдықтан алып шықты. Тізе мен арқа жарақатын алған төрт жасар бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орын алған кәріз шұңқыры Гридин көшесінде орналасқан және екі жылдан бері ашық жатқан көрінеді.
Полиция департаментінде аталған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ