Екібастұзда МАЭС-2 жаңғырту кезінде 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырылған
Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gres2.kz
Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен – 1 миллиард теңге.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайын, залал сомасын және оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Павел Мельничук және "ЭТЭЦ" ЖШС бөлімшесінің бұрынғы басшысы Виктор Вебер мен "Екібастұз жылу желілері" ЖШС басшысы Евгений Горваттың соты өткені туралы хабарлаған едік. Оларға "Міндеттерге жосықсыз қарау" бабы бойынша айып тағылған.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген