Екібастұз қаласында электр жылытқыш кесірінен ерлі-зайыптылар тоқ соғып көз жұмды
Екібастұз қаласындағы жеке үйлердің бірінде батареядан су аққан. Салдарынан су жылытқыштың сымына тиіп, ерлі-зайыптыларды тоқ соққан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті үйді су басу туралы ақпараттың 13 ақпанда келіп түскенін мәлімдеді.
"Тексеріс кезінде жеке үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің зорлық іздері жоқ мәйіттері табылды", – деді полиция департаментінің өкілдері.
Мамандардың пайымдауынша бөлмелердің бірінің еденінде электр жылытқыш болған. Алдына ала мәлімет бойынша үй илерінің өліміне тоқ соғу себеп болуы мүмкін.
Қазір полиция бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Қосымша сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұз тұрғындары пәтерлерге қосылмағанын айтып шағымданған еді. Кей пәтерлерде жылу 10 градусқа да жетпейді. Сондықтан күндіз-түні жылытқышты қосуға мәжбүр.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты