Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұз бен Риддердің тағдырын биыл басқа қалалар қайталуы мүмкін – Сарапшы

Сарапшылар жылу маусымына қатысты шенділердің сөзінен кейін босаңсымауға кеңес берді. Олар алдағы қыста бірнеше қалада жылумен мәселе туындауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екибастуз кыргыздар

Энергетика саласындағы сарапшы Әсет Наурызбаевтың сөзінше, былтыр жылу жүйесіндегі апат жылу электр станциясының дайындығынан емес, жылыту желісіндегі қысымды көбейтіп жіберуден орын алған.

"Биыл да кез келген қаладағы жылу жүйесінде қысымды көбейтіп жіберуі мүмкін. Оның үстіне энергетика нысандарын осы күйге жеткізген адамдар қазір апат салдарын жойып жатыр. Бұл жағдайда құбыр резервін, дизель отынымен жұмыс істейтін жылыту зембіректерін алу жөн болар еді", – дейді сарапшы. 

10 қазанда энергетика министрлігі елдің жылыту маусымына дайын екенін хабарлады. Шенділердің сөзінше, Екібастұз тұрғындарына қорқудың керегі жоқ. 

"Жылыту маусымы штатты режимде жүріп жатыр. Барлығын бақылап отырмыз. Риддер қаласында қосымша қазандықтарды күтудеміз. Кентау қаласында да солай. Теміртауда бір қазандықтағы жөндеу жұмысы аяқталғанын күтеміз. Аталған қалаларда бақылау ерекше жүреді", – деді энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов. 

Талқылау