AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жылда екі үйге газ кіргізді": Таразда үйлеріне газ кіргізбек болған тұрғындар алаяқ компанияға алданғандарын айтты

Тараздағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары алаяқ компания алдап соқты деп ашулы. Айтуларынша, екі жыл бұрын газ кіргізуге 22 миллион теңге жинап берген жұрт әлі күнге көгілдір отынға қол жеткізбеген. Қалада отырып көмір жаққан халық мемлекеттік бағдарлама бойынша газ кіргізу ұзақ болғандықтан, өз қаржыларына жеке компанияны жалдағандарын айтады. Алайда енді не газ жоқ, не ақша жоқ дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

газ

Шаңырақ шағын ауданына екі жыл бұрын газ кіруі тиіс болған. Тұрғындардың айтуынша, әкімдік бастапқыда халыққа мемлекеттік бағдарламамен көгілдір отын кіргізуді ұзақ күтетіндерін айтқан. Сондықтан жеке мердігер жалдауға кеңес берген екен. Осыдан кейін тұрғындар ақша жинап, 22 миллион теңгені жеке компанияға берген. 

“Биыл көмір алмай-ақ қояйық па дегенде "Алмаңдар, газ жағасыңдар” деді. Сонда біраз жігіттер газға арналған пеш қойды. 400 мыңнан ақшаларын беріп қойды, бірақ қыста көмір жағып шықты”, – деп ашынады Тараз қаласының тұрғыны Талғат Кеншімбаев. 

Ақшасын алған компания екі жылда тек екі үйге газ кіргізіпті. Бұқара бұл аяңмен газ тарту "ғасыр құрылысына" айналады деп алаңдайды. Одан бөлек талқаны шыққан көше мен ашық жатқан құдықтар көп адамның ажалына себепкер болғанын алға тартты. 

“Тек қана осылай қазып тастаған. Қазғаны міне болота су. Адам түсіп бір адам өлді. Қанша бала-шаға түсіп жатыр. Машинамыз да түсіп жатыр осы жерге”, – деді Тараз қаласының тұрғыны Айнұр Қабылова. 

Жеке компания газ жүргізу жұмыстарын созып жібергендіктен, өзара кеңесіп заңгер жалдапты. Мәселені зерделеген маман бүгінде тұрғындармен компания арасындағы келісімшарттың мерзімі өткенін анықтаған. 

“Уақыты өтіп кетті айтып отырмын ғой. Келісімшарт 28.01.21 жылға дейін. Ал компания газ қосуы керек болған. Алайда оны жібермей тұр. Оның міндеттемелері бітті”, – деп мәлімдеді заңгер Саламат Дүйсенбеков. 

Компания басшысы уәде еткен уақытта көгілдір отын тартуға пандемия кезінде құрылыс заттардың тапшы болуымен түсіндірді. Шама келгенше жұмыс жасадық дейді. 

“Бүгінгі таңда 20 шақырымдай құбыр бар. Жер асты жұмыстарының 60%-ы бітті. 10 шақырымдай құбыр етпей тұр”, – деді мердігер компания директоры Бауыржан Бозымбеков. 

Осылайша мердігер күзде құбырдан газ шығады деп сендірді. Егер айтқанын орындамаса, ел сотқа жүгінеміз деп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр