Екі жыл халықаралық іздеуде болған, миллион еуро ұрлаған қазақстандық алаяқ ұсталды
Санкт-Петербургте Ресей полициясы 1,2 млн еуро ұрлады деп айыпталған қазақстандықты ұстады. Оны екі жыл бойы Австрия полициясы іздеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Интерполдың Санкт-Петербургтегі жергілікті бөлімшесі 1,2 миллион еуро ұрлап, алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Сонымен қатар оны ФБР (Федералды тергеу бюросы) іздеген, бірақ ол заң өкілдерінен қашып құтылған.
Мамандар WhatsApp арқылы алаяқтар адамдарды қалай алдап, аңдитынын айтты
Қазақстандық азамат 7 маусымда Петербургтегі Батай көшесіндегі Sokos қонақүйінде ұсталды.
Өз шоттарына үлкен сомаларды аударуға мүмкіндік берген бағдарлама арқылы күдікті 1,2 миллион еуро тапқан, бұл оның сегіз жыл ішінде жинаған қаржысы. Сонымен қатар хакер бұған дейін де мұндай қылмыс үшін АҚШ-та жазасын өтеп шыққан.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар