Екі жігіт тапа тал түсте шешесін сабап, қызын алып қашқан
Үндістанның Рджахстан штатында екі ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды тал түсте алып қашқан. Қызды алып қашқандарымен қоймай, қарсылық білдірген анасын сабап тастаған.

Бұл туралы life.ru басылымы хабарлайды.
Екі жігіттің бұл бассыздығын қыздың туысқандары видеоға түсіріп үлгеріпті. Артынша кәмелеттік жасқа толмаған қызды ұзатуға әкесінің рұқсат бергені анықталған. Бұл шешімге қыздың өзі де, анасы да қарсы болған екен. Десе де, әйелдің күйеуі де, күйеу баласы да бұл қалауларын орындамақ ниетте емес.
Видеодан соққыға жығылған әйелді кішкене баласының қорғап қалмақ болғаны байқалады.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы әуежайында “өртенген ұшақ” жұрттың зәресін алды
Әйел туған қызын өртеп жібермек болған
Астанада әкімдік электрлі велосипедтер сатып алу үшін бюджеттен 2,3 миллиард теңге жұмсаған
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”