Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі театрдың да бағы ашылмады": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет "Шаншар" театрының концертіне барды

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева араға ұзақ уақыт салып, “Шаншар” әзіл-сықақ театрының концертіне барды. Өнердегі ұстаздары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораевты құттықтап, көрермен залына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Жұлдызайдың өнердегі бағын ашқан –“Шаншар” театры. Актрисаның қызы да аталарына сәлем бере барған.

“Міне, Уәке атамызға келдік. “Шаншардың” мерейтойы дегесін арнайы ат басын бұрдық. Алғаш рет көрермен болдым. Менің ойнағанымды сағындыңыздар ма?!”, – деп жазды актриса. 

Сол-ақ екен, актрисаның оқырмандары театрға қайта оралуын күтіп жүргендерін жарыса жазып жатыр. “Сен кеткелі екі театрдың да бағы ашылмады”, “Әзілдің майын тамызып ойнайтын актриса – Жұлдызай”, “Шаншар” мен “Алдараспандағы” актрисалардың ешқайсысы сіздің орныңызды баса алмайды”, – деп жазды өнер иесі. “Жұлдызай кезінде “Туканы” тыңдап, кетіп қалып еді, енді өкініп отырған сияқты. Уәлибектің қасында жүре беру керек еді. Нұржан өте қу жігіт қой” деген желі қолданушысына: “Өкініш жоқ, қателеспеңіздер! Мен ештеңеге өкінбеймін”, – деп жауап берді актриса. 

Еске салайық, осыдан біраз жыл бұрын актриса өнер көрсеткен театрдан кетіп қалып еді. Ұжыммен ренжіскенін мойындап, өнердегі ұстаздарына ренжігенін жасырмаған болатын. 

“Уәкең мен үшін орны бөлек адам болып қалады. "Шаншар" мен үшін қара шаңырақ болып қалады. Содан өстім, өндім. Өкпем жоқ ол кісіге. Бірақ байқамай көңіліңізге тиетін сөздерді эмоциямен айтып қалған болсам, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіз. Мен сізді жек көрмеймін де... Өкпем де жоқ. Осымен 14 жылдық әңгіме бітсін, құдай қаласа. Әйтпесе ұзап кетті. Негізі, үлкен кісіге бәрі жарасады. Өкпелесе, өкпелеген де жарасады. Ұрысса, ұрысқан да жарасады. Жамандамаймын, ал мені жамандаса, көңіліме алмаймын", – деп ақталды актриса. 

 

Талқылау