Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі күн бойы ұйықтамаған": Астанадағы концертте көз жұмған мобилографтың құрбысы мәлімдеме жасады

Астанадағы концертте көз жұмған мобилографтың құрбысы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Марқұмның құрбысы Мөлдір есімді бойжеткеннің айтуынша, Шахназ Жылқайдардың өліміне энергетикалық сусындардың қатысы жоқ. Марқұм апта бойы жұмыстан бас көтермеген. Тіпті қайтыс боларының алдында екі тәулік бойы көз ілмегенін айтыпты. 

Дәрігерлер мобилографтың өліміне жедел геморрагиялық панкреонекроз дерті себеп болды деген болжамын айтты. Ал сараптама нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болмақ.

Әлеуметтік желіде жас жігіттің өліміне қатысты түрлі қауесет тарады. Соның бірі - энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынған болуы мүмкін деген болжам. Алайда, марқұм Шахназдың құрбысы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Құрбысының айтуынша марқұм көзі тірісінде энергетикалық сусынға түбегейлі қарсы болған.

“14 қазан күні Жылқайдар Шахназдың денесі сот медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін сот сараптама институтына жіберілді. Өлімнің алдын ала себебі ол жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебін біз тек қана таксикологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін білетін боламыз. Зерттеу жұмыстары екі апта көлемінде жүргізіледі”,  – деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Наргиз Шотпай.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын қалалық полиция департаменті де анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы “Ирина Кайратовна” тобының концертінде 21 жастағы мобилограф жігіт сахнада құлап көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау