Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туғалы екі қолы жоқ әйел көлік жүргізуді үйреніп алған

Ресейде екі қолсыз туған әйел көлік жүргізуді үйреніп алған. Енді ол жүргізуші куәлігін алуға тырысып жүр.

photo_214014

Бұл туралы NTV арнасы хабарлады.

Солтүстік Осетия тұрғыны Сакинат Магомедованың туғалы екі қолы жоқ. Ол 13 жасында анасынан айырылған, ал әкесін мүлдем көрмеген.

Сакинат паратхэквондодан әлем чемпионы, екі баланың анасы, бос уақытында өлең жазып, сурет салғанды ұнатады.

Сакинаттың қазіргі басты арманы – жүргізуші куәлігін алу.

Әйел шағын литражды машина рөлінде отыру ыңғайсыздық тудыратынын мойындап отыр. Алайда Сакинаттың таңдауға мүмкіндігі жоқ. Ол елдің оңтүстігінде орналасқан, аяқ-қолы жоқ жандарды қабылдайтын жалғыз автомектепке барған.

«Проблемаларымды өзім шешу үшін жеке көлігімнің болғаны жақсы. Артық рет өзге біреуді мазалағым келмейді», – дейді әйел.

Сакинат нұсқаушының тапсырмаларын еш қиындықсыз орындайды. Ол оң аяғының саусақтарымен автомат қорабының тетіктерін ауыстырса, табанымен тежеуішті басады.

Көптеген нұсқаушылар мен үйренушілер Сакинатты рөлде көргенде есеңгіреп қалған. Ол өткен жылдың өзінде көлік жүргізу емтиханын сәтті тапсырған, алайда жүргізуші куәлігін сол күйі ала алмаған.

Дәрігерлер заңды сылтауратып, оған медициналық анықтама беруден бас тартып отыр. Олардың пікірінше, мұндай жүргізуші айналадағыларға қауіп төндіруі мүмкін.

Ресей заңына сәйкес, қолсыз адамдарға көлік басқаруға тыйым салынған. Заңсыз түрде қолсыз адамға анықтама берген дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дегенмен Сакинат ештеңеге қарамастан, куәлік алу үшін күресуге дайын.

Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиясында Жаратқанға сенбейтінін айтқан атеист өлім жазасына кесілді

Ер адам сүйіктісімен саяхатқа кетпеу үшін теракт ойластырған

Қырғызстандағы қайғы: Елбасы Қырғыз президентіне көңіл айтты

Сауд Арабиясында алғашқы кинотеатр мен опера үйі ашылатын болды

Талқылау