Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы қайғы: Елбасы Қырғыз президентіне көңіл айтты

Қырғызстандағы Аю ауылында көшкін жүріп, 24 адам бар үйді басып қалды. Көшкіннің көлемі миллион кубометрді құраған.

гог

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Ош облысының, Үзген ауданында көшкін алдын-ала мәлімет бойынша ішінде 24 адам болған үйді басып қалған.

Қырғыз республикасының ТЖМ мәліметінше, Аю ауылында жүрген көшкін 29 сәуір күні таңғы 07:20 (Астана уақытымен сәйкес келеді) шамасында жүрген. Дерек бойынша, көшкін 24 адам тұратын 10-ға жуық үйді басқан. Оқиға орынында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысы Қырғызстандағы қайғылы жағдайды үлкен күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан қайтыс болған отбасыларға көңіл айтады”, – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз:

Сауда Арабиясында алғашқы кинотеатр мен опера үйі ашылатын болды

Моңғолияда пластиктен жасалған құрастырмалы киіз үй ойыншықтар сатылымға шықты

Қытайда сәбиге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды

American Airlines әуе компаниясының бортсерігі балалы әйелді ұрып жіберді (видео)

Талқылау