Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі қызым жылап қалды": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға қалай жеткізілгенін айтып берді

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы сыр беріп ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі оқырмандарын денсаулықтың қадірін білуге үндеді. 

“Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым. Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді”, – деп бастады әңгімесін актриса.



Айтуынша, балалары үшін ауруханада толық жатпай, күндізгі бөлімге алмасып кеткенін айтты. 

“Құрбыма хабарластым. Шыдай алмай жатқанымды естігенде 10 минутта келді де, ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлер бірден жатыңыз деді. Үйдегі балаларым не болады деген оймен, күндізгі стационарда емделемін деп шештім. Бүгін міне бір апта, үй мен аурухананың ортасындамын. Бас ауырғаны сейілер емес. Емделіп жүргеніме балаларым үйренісіп, ақпаратты қабылдай алатындай уақыт болды. Енді ауруханаға жатуға болады. Ана – баланың санасында әлем. Әлем шайқалса, оларға не болады? Маған деген жылы тілектеріңізді оқып жатырмын. Алғысым шексіз”, – деді актриса.

Еске салайық, өнер иесі МРТ-ның нәтижесі шықпай жатқанын айтқан еді. 

Талқылау