Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі кісінің рухына арнаймын": Дариға Бадықова миллиард касса жинаған фильмін кімге арнағанын жариялады

Отандық киножұлдыз, актриса Дариға Бадықова жарық көрген туындыларының кімге арналғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Актрисаның “Таптым-ау сені” фильмі рекорд жаңартқан еді. Жарыққа шыққанына 10 күн болған туынды еліміздегі ең ірі касса жинады. 

"Мен "Таптым-ау сені" фильмін іштей ниет етіп, әкемнің, ұстазымның рухына арнағанмын. Себебі кіммен шыққаным, кімнен көп дүние үйренгенім белгілі. Әкем мен ұстазымның жатқан жерлері жайлы болсын. Рухтары көкте шалқысын! "Таптым-ау сені 2" де осы кісілердің рухына арналады!", – деп жазды киножұлдыз. 

Айта кетейік, 2017 жылы өнер иесінің әкесі қайтыс болған. Ал 2021 жылы ұстазы, режиссер Болат Атабаев дертке шалдығып, өмірден өткен еді. 



Одан кейін Дариға Бадықованың әріптесі, актер Рүстем Жаныаманов кино түсіріп, басқа актермен серіктес болған актрисаны қызғанатынын жасырмаған еді. 

“Партнер ретінде қызғанамын. Қаншалықты күлкілі болса да, айтайын, мен қызғанамын. Тамырым соғып кетеді кәдімгідей. Қанша дегенмен бауыр басып қаласың. Жарайды енді, өзің қара деп бұлданып қаласың. "Олжаспен түсейін деп жатыр екенсің ғой, жарайды енді" деп қаламын кейде. Бұл енді әзіл, шын аралас әзіл ғой. Мен тек қуанамын. Өзіне де айтқанмын”, – деп ағынан жарылған еді актер.

Еске салайық, Дариға Бадықова киносынан түскен ақшаға пәтер сатып алғанын айтқан еді. 

Талқылау