Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қазақстандықтан коронавирус анықталды

Екі қазақстандықтан коронавирус расталды. Олар Германиядан келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өздеріңіз білесіздер, біз үш айдан бері коронавируспен күресіп жатырмыз. Оның алдын алу үшін барлық шараларды қолдандық. Бүгін бізге Германиядан келген екі азаматтан оң нәтиже алынды, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы ауруханаға жатқызылды. Бұл адамдарда клиникалық белгілер жоқ, олар өздерін жақсы сезінеді, барлық қажетті шаралар қабылдануда", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

"Қазір біздің басты міндетіміз - барлық осы бортта болған адамдарды, байланысып, анықтап, оқшаулап, бақылап отыру керек. Мұндай шаралар жалғасуда", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр Сұлтанда өткен брифингте.

"Барлық байланыс тұлғалары анықталғаннан кейін олармен мұқият жұмыс жүргізіліп, денсаулық жағдайы туралы ақпарат жиналады және қажет болған жағдайда тексеруден өтеді", - деп толықтырды министр.

"Біз жолаушыны анықтадық. Осы бортта ұшқан барлық адамдарды, біз оларды білеміз, енді оларды оқшауланып, жағдайын тексереміз, сонымен бірге олармен байланысқан адамдарға (ақпарат) жинаймыз, сондықтан санитарлық қызмет алгоритмге сәйкес тізбек бойынша жұмыс істейді", - деді Біртанов.

Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы Youtube-каналымыздан көре аласыздар

 

 

Жұқтырған қазақстандық 9 наурызда 73 жолаушымен ұшып келген.


Тағы оқыңыз

 

 

Талқылау