Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баланың анасы атанған Меденова иығын жалаңаштағаны үшін ұрыс естіді

Осыдан тура бір ай бұрын ұлды болған Айдана Меденова жұрттан ұрыс естіп қалды. Оған әншінің желіге жүктеген соңғы суреттері себеп болды.

19429089_1805783086399887_5639858707568263168_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айдана Меденова – Қазақстан эстрадасындағы ең сұлу сылқымдардың бірі. Тұрмысқа шығып, екі мәрте ана атанса да, әншіге ғашықтық хаттарын жазатын жігіттер көп. Айдананың мінсіз сұлулығына қыздар қауымы да қызыға қарайды.

Ал Айдана ай сайын дерлік жаңа фототүсірілім жасатып, тыңдармандарын қуантудан жалықпайды. Жуырда әнші табиғат аясында өткізген жаңа фотосессиясымен бөлісті. Алайда тыңдармандарға Айдананың образы, анығында ашық-шашық киімі ұнамай қалды. Көпшілік екі баланың анасы әрі бір үйдің келіні болып отырған Айдананы қазақ қызына жат қылық жасады деп сөкті.

19425465_1360533564016220_1761404128614940672_n

“Айдана тәте, аздап қарапайым болсаңыз жақсы еді, сізді құрметтеймін бірақ”, “Мынадай киіммен қандай тәрбие бересің балаларыңа”, “Ұят-ай, одан да жалаңаш түсе салмадың ба”, “Бір үйдің келінісің, екі баланың анасысың, сәл жабық киінсей”, “Осы жоғарғы жағыңызды ашып түсе береді екенсіз, сол жабық тұрса да әдемісіз”, – деп сынады желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова өзін Ким Кардашьянмен салыстырғандарға жауап берді

Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Талқылау