Екеуі де ауыр халде жатқан: Алматыда коронавирус көз жұмған науқастар жайлы айтылды
Алматыда коронавирустан көз жұмған науқастар туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болыпты.
Оның біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.
Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында коронавирустан екі адам көз жұмғаны айтылған еді.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады