"Екеуі әлі де өмір үшін күресуде": Үш қазақстандық еркін күрес балуаны жол апатынан қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш қазақстандық еркін күрес балуаны қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының Instagram-дағы ресми аккаунтында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты 3 тамызда болған. Бес балуаннан тұратын топ Алматы-Тараз трассасында апатқа ұшырады. Еркін күрес балуандары Жақсыбек Қарабалаев пен Байбазар Жанбота оқиға орнында қаза тапты.
4 тамызда халықаралық спорт шебері болған Ілияс Жұмай көз жұмды. Осы жылдар ішінде ол 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, жастар арасындағы Азия чемпионатының және басқа халықаралық жарыстардың жүлдегері болды.
"Еркін күрестен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, болшағынан үлкен үміт күттірген және алар асулары әлі алда болған балуандарымыз Ильяс Жұмай, Жанбота Байназар және Жақсыбек Қарабалаев Алматы-Тараз трассасында болған жол апатынан көз жұмды деген ақпарат келді. Бұл біз үшін үлкен орны толмас өкініш...", - деді күрес федерациясында.
Тағы екі балуан, Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев реанимацияда жатыр