Елімізде EGov.kz порталы уақытша жұмыс істемей тұр
EGov.kz порталының жұмысы ақауларға байланысты тоқтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

EGov.kz парағын ашқан қолданушылар «Кешіріңіз, портал уақытша жұмыс істемейді. Парақшаны кейінірек жаңартып көріңіз» деген хабарлама алып жатыр.
Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Құрметті қолданушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталында проблемалар туындағанын хабарлаймыз. Жауапты мамандар жұмыс істеп жатыр, жүйелерді қалпына келтіру туралы қосымша хабарлаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады ҰАТ АҚ.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?