Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіздерге тұрмысқа шыққан егіз қалыңдық бір уақытта жүкті болды

АҚШ-та егіз бауырларға тұрмысқа шыққан егіз апалы-сіңлі бір уақытта жүкті болғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бриттани мен Бриана Диан және олардың күйеулері Джош пен Джереми Сейлерс - егіздер,  сондықтан генетикалық тұрғыдан олардың балалары бір-біріне туған бауыр және немере аға-әпке, іні-қарындас болады.

Бриттани Дианның айтуынша, бұрын да Бриана екеуі бәрін бір уақытта жасаған: олар бірге жүргізуші куәлігін алып, мектепті бітіріп, тұрмысқа шыққан.

Джош пен Джереми Сейлерс 2017 жылы Туинсбергтегі егіздер фестивалінде Бриттани мен Бриана Дианмен кездескен. Алты айдан кейін олар некелесу туралы жариялады, бауырлар бір уақытта апалы-сіңлінің алдында тізе бүгіп, оларға бірдей сақиналар сыйлады. Үйлену тойы 2018 жылы өтті. Содан бері екі ерлі-зайыптылар бірге Вирджиния штатындағы ортақ үйде тұрады.

Айта кетейік, Туинсбергте халықаралық егіздер фестивалі 1976 жылдан бастап жыл сайын 8 және 9 тамызда өтеді. 2015 жылы оған әлемнің төрт мыңнан астам егіздері келген.

Талқылау