Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіздер: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Егіздер өзге жұлдыз белгілерінен екіжүзділігі және тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Олар жағдайға бір уақытта жан-жақты баға бере алады, бір уақытта жақсы көріп, жек көре де алады. Тіпті, кейде өз табиғаттарының күрделілігін өздері де түсіне алмайды. 

Егіздер: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Егіздердің мінезі ауа райы сияқты құбылмалы. Олардың тартымдылығы болмаса, өзгелердің оларға төзуі қиын. Егіздер көпшіл, сондықтан олармен әңгімелесу жағымды, сонымен қатар қызықты. Себебі олар түрлі жағдайларға тап болып жүреді. Сонымен қатар Егіздер әр нәрсені тез үйреніп алып, оны бөліскенді жақсы көреді. Тіпті, пайдасызын да.

Егіздер мұқияттылығымен ерекшеленгенімен, оны өз пайдасына қолдана алмайды. Тіпті, кейде әр нәрседен секемденіп, күмәнданып, түймедейді түйедей етеді. Егіздер қызғаншақ келеді. Оған қоса айналасындағылар өзін көре алмайды деп ойлап, кейде жақын достарын да жау көреді.

Егіздерді түсіну қиын. Көбі оларды екіжүзді деп ойлайды. Алайда Егіздердің алдаса да, өзгені емес, бірінші кезекте өзін алдап жүретінін түсіне бермейді. 

Егіздердің өміріндегі барлық нәрсе екі түрлі сипатқа ие. Бір жағынан, жұлдыздар оларға ниеттің тұрақсыздығын берсе, екінші жағынан, оларға түрлі сынақтарды да жаудырады. Десе де сол арқылы Егіздер табандылыққа қол жеткізеді. 

Егіздер белгісінде туылған ерлер әдетте өмір бойы жаңа қызығушылықтарды іздеп жүреді. Алайда діттеген мақсатына тік емес, анағұрлым жеңіл жолмен жетуді жөн көреді. Олар түрлі нәрселерге қызығушылық танытқанымен, ешқайсысымен нақты айналыспайды. Сонымен қатар еш қорықпастан тәуекелге бел буа алады.

Егіздер белгісінде туылған әйелдер өте ақылды және қабілетті. Олар әр нәрсені жеңіл меңгереді, сонымен қатар түйсігі жақсы дамыған. Десе де мұндай әйелдер шынымен де маңызды нәрсені бірден ажырата алмайды, алаңғасар болып көрінгенімен, қажет кезде тез жинақталып алады.  

Егіздер – белсенді жұлдыз белгісі болғанымен, олардың күш-қуатына сәттілікке қажетті бағыт жетіспейді. 

Егіздер алдағы уақытқа жоспарлаған мақсатына жетуге қабелтсіз болғанымен, ұсақ-түйек жайттарда оларға жетер жан жоқ. Егіздердің туа бітті тиянақтылығы күнделікті кездесетін қиындықтарды оңай шешіп, өмірін жайлы әрі жағымды етуге мүмкіндік береді.  

Белсенді әрі іскер Егіздер бір уақытта көптеген істі қолға алып, алайда анағұрлым жеңілдерін, сонымен қатар өзі үшін маңыздыларын ғана соңына дейін жеткізеді. 

Егіздер өзінің кемшіліктерін жақсы біледі. Олардың артықшылығы да осы. Себебі әлденені атқару қолынан келмеген уақытта өзгелерден көмек сұрауға арланбайды. Әдетте Егіздердің досы көп болады. Оған аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің көпшілдігі, тартымдылығы мен жұғымдылығы себеп. 

Сонымен қатар Егіздер өте ақылды. Алайда кейде тілімен «шағып» алатын кездері болады. Егіздердің достары үнемі қошемет сөздерін естісе, ал дұшпандарына оңай тимейді. 

Талқылау