"Жұмыссыз болсаңыз, пәтерді қайдан алдыңыз": Салық қызметкерлері азаматтарды тексеруге не себеп болуы мүмкін екенін айтты
Фискалдық органдар арасында күдік тудырып, Қазақстан азаматтарын тексеруге не себеп болуы мүмкін? Аталған сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке кірістерді әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:depositphotos.com
Құсайынованың айтуынша, салық қызметкерлері кірістен айтарлықтай асып түсетін шығыстарға күдіктенуі мүмкін.
"Шығыныңыз табысыңыздан асып кетсе күдік тудырады. Кенеттен табыссыз қалып, не кәсіпкерлікпен айналыспасаңыз және жұмыссыз қалсаңыз, сөйте тұра кенеттен Алматыдан пәтер сатып алсаңыз, бұл да күдік тудырады. Содан кейін, сізге хабарлама келеді. Ол кезде мына сұраққа жауап беруіңіз қажет: Бұл пәтерді сатып алу үшін ақшаны кенеттен қайдан алдыңыз?" – деп түсіндірді бөлім басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі салық төлемей жүрген "Яндекс.Такси" жүргізушілері жазалана ма деген сұраққа жауап берген еді.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды