"Егер жеңсе, чемпиондыққа үміткерлер қатарына қосылады": UFC президенті Шавкат Рахмоновқа қатысты пікір білдірді
UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қатысты пікір білдіріп, кезекті жекпе-жектегі жеңісі чемпиондық белбеуге бір қадам жақындататынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай орта салмақтағы файтер 5 наурызда америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 285 турнирі аясында өтеді және негізгі кардтқа енген.
Жекпе-жек алдында файтерлер баспасөз конференциясын өткізіп, алғаш рет бетпе-бет кездесті.
Дана Уайттың сөзінше, Шавкат жан-жақты спортшы болғандықтан, өз салмағында үздіктердің қатарына қосылған.
“Ол дивизиондағы ең қатігез жігіттердің бірі. Жеңілмеген және барлық қарсыласын уақытынан бұрын жеңген. Әзірге ешкім оның әлсіз тұсын көрсете алмады. Бұл жігіт Чимаевтан басқа файтерлерді алаңдатып отыр. Егер жеңсе, бізде чемпиондыққа үміткер тағы бір адам пайда болады”, – деді Уайт.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

