Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар егер кеңсе ыстық болса, жұмысынан кетіп қала ала ма – Заңгер түсіндірді

Қазақстандықтар жұмыс орны қатты ыстық болса, кетіп қала ала ма? Заңгер Батухан Алмаз аптап ыстықта жұмыс істейтін қызметкерлердің құқығын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Freepik.com

Заңгердің айтуынша, еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс беруші санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес температуралық режимді, жарықтандыру мен желдетуді қамтамасыз етуге міндетті.​​​​​ Егер еңбек жағдайлары нормаларға сәйкес келмесе, онда қызметкер жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. 

Алайда заңгердің сөзінше, елімізде көбі жұмысынан айырылып қалуға қорқып, бұлай жасамайды. 

"Алайда, еңбек шартында белгіленген еңбек қатынастары аясында екі тарап – жұмысшылар да, жұмыс берушілер де өз мүдделерін қорғауға мүдделі екенін түсіну керек. Өйткені компанияның тиімділігі көптеген факторларға, соның ішінде жұмыс жағдайларына байланысты", – деді заңгер.

Батухан Алмазұлы сонымен қатар кеңседе жұмыс істеу үшін оңтайлы температураДенсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы бұйрығына сәйкес, нәтижелі жұмыс үшін  шамамен 18-19 градус болуы керек екенін алға тартты.

“Бұлшықет жүктемесі аз және қозғалыста болатын жұмысшылар үшін оңтайлы температура 18-25 градус цельсий, ал жүктемесі жоқ жұмысшылар үшін 20-28 градус. Жұмысы 10 килограмнан асатын салмақты көтеру және жылжытумен байланысты адамдар үшін оңтайлы температура 15-тен 26 градусқа дейін", – деді заңгер.



Сонымен қатар Батухан Алмазұлы сыртта аптап ыстықта жұмыс істейтіндерге жұмыс беруші арнайы сақтық шараларын қабылдауы керек екенін ескертті.

“Өйткені мұндай жағдайлар әртүрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жұмыс берушілерде еңбек кодексінде қарастырылған көптеген әрекеттер бар. Сондай-ақ іс жүзінде көптеген жұмыс берушілерге жалға алушы ретінде рұқсат етілген температураның сақталуы үшін жауапкершілік жүктеледі. Бөлменің санатына байланысты рұқсат етілген ауа температурасы 18-ден 23 градусқа дейін өзгереді", – деді заңгер.

Батухан Алмазұлы осы тұста қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, ол жұмыс берушіге жағдай туралы хабарлауы керек екенін жеткізді. Айтуынша, екі тараптың да заңсыз әрекеттері болған жағдайда сотқа шағымдануға құқығы бар.

Талқылау