"Егер халық газ бағасына наразы болса, олар қоғамдық көлікпен жүре алады": Қазақстандықтар министр кеңесшісін сынға алды
ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтың 3 қаңтар күні өткен брифингтегі жауабы қазақстандықтардың талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бензин, сұйытылған газ немесе кез келген осындай отын бірдей тауар болып саналады. Егер бүгінгі күні біз соданы сұйытылған газдан қымбатырақ сатып алатын болсақ, бұл біздің сода қымбат дегенді білдірмейді, бұл бізде сұйытылған газдың арзан екенінің дәлелі. Әлем бойынша мұндай баға жоқ. Құнды, бағаны нарық анықтайды, ол жалақы мен табысқа байланысты емес. Егер адамдар бұл бағаға наразы болса, олар әрқашан қоғамдық көлікпен жүре алады. Осы да мәселе ме?", - деген орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Олжас Байділдинов.
Кейін Олжас Байділдинов өзінің Instagram арнасында өзіне айтылған сын пікірлерге жауап берген. Онда ол бұл Telegram-арналардың атақ іздеген әрекеті екенін айтып ақталған.
"Бұл телеграм-арналардың хайпы ғана. Есесіне енді барлығы жанармай бағасының неге өскенін және өсе беретінін білетін болды. Мамандар мен сарапшыларды оқыңыздар. Ұрыс іздеген телеграм-арналадың қызығы уақытша", - дейді Байділдинов.
Аталған жағдайға байланысты энергетика министрілігінің өкілдері пікір білдірді.
"Олжас Байділдинов энергетика министрлігінде жұмыс істемейді. Сондықтан ол ведомтвоның атынан пікір білдіре алмайды. ОКҚ-да өткен брифингте ол тәуелсіз сарапшы ретінде қатысып, өз ойын айтты. Бұл министрліктің позициясы емес", - деді энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
@chinovnik_kz анықтағанындай, сарапшының көз қызықтырардай дүниесі бар болып шықты.
1984 жылы туған Олжас Байділдиновтің жылжымайтын мүлік пен автокөліктері:
Қосшыдағы екі қабатты үй, 2020 ж., 288 ш.м. – 85 млн теңге;
"Highwill Astana" тұрғын үй кешенінен бизнес-класс 3 бөлмелі пәтер, 100 ш.м. – 60 млн теңге;
"Алтын-Арна" тұрғын үй кешенінен бизнес-класс 2 бөлмелі пәтер, 75 ш.м. – 40 млн теңге;
"Француз кварталы" тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі бизнес-класс пәтер, 37 ш.м. – 27 млн теңге;
Коммерциялық алаңы 100 ш.м. – 20 млн теңге;
2 автокөлік, 2021 жылы шыққан – 30 млн теңге.
Желі қолданушылары өздерінің сыни ойларын жарыса жазған.
"Мұның барлығына қашан үлгерген?", "Осындай қатыгез жауаптарға халықтың көңілі тоймай, наразылық білдіреді", "Егер билік жұмыстарын орындай алмаса, барлығы бірдей жиналып кетуі керек. Осы да мәселе ме?", – деп жазды қазақстандықтар.