Әйел сәбиіне киім алуға келген қызды өлтіріп, ішіндегі баласын кесіп алған
Америкалық әйел 19 жастағы келіншек пен оның баласын өлтіргені үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: 6abc
2019 жылы Чикагода жантүршігерлік қылмыс болды. 51 жастағы Клариса Фигероа есімді әйел қайғылы оқиғаға дейін өзінің туған баласынан айырылып қалған. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін баласы барын қайта хабарлаған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп, жүктілікке қалай қалай дайындалып жүргенін айтады.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде аяғы ауыр Марлен Очоа-Лопес балаларға арналған киім-кешектерді сыйлыққа немесе сатып алғысы келетінін жазған. Кларис Фигероа қыздың хабарламасына жауап беріп, оны киімдерді таңдау үшін үйіне шақырады.
Жүкті қыз әйелдің үйіне 1 сәуірде барған. Қыз үйге келмей тұрып, әйел өзінің жігіті Питер Бобакқа және қызы Дезириге жымысқы ойы туралы айтады. Ол аяғы ауыр Марлен Очоа-Лопестің құрсағын жарып алып, кейін оны өлтірмек болған. Алайда әйелдің бұл ойына жігіті 1 сәуірде айтқан қалжыңы деп ойлап бас тартқан.
Ал 23 сәуір күні 19 жастағы қыз тағы да Фигероаның үйіне жаңа тауарлар сатып алуға келді. Бұл жолы Питер Бобак үйде болмағандықтан Клариса Фигероа жоспарды жүзеге асыруға шешім қабылдайды.
Осы кезде әйел музыканы қосып, ал оның қызы жүкті Марленге фотосуреттерді көрсете бастайды. Бұл уақытта Фигероа аяғы ауыр Марленнің мойнына артқы жағынан электрлі орындықты лақтырып жіберіп, оны буындыра бастайды. Байғұс әйел саусақтарын мойны мен бауының арасына салып үлгерсе де, тым кеш болады. Әйел жәбірленушінің азаптан қиналып өлгеніне жеткізеді.
Бұрын медбике болып істеген әйелге қызы ет пышағын алып келіп, ары қарай ол қыздың ішін кесіп тастайды. Ол баланы алып, су толған шелекке салады. Олар өлі Марленнің денесін көрпеге орап, сыртқа шығарды. Әйел мен қызы қылмыстың ізін жасыруға тырысып, бүкіл үйді қаннан тазартып шығады.
Бұдан кейін ерлі-зайыптылар 911 нөміріне қоңырау шалып, сәбилері дүниеге келгенін хабарлайды. Ауруханада әйелі мен күйеуі шақалақпен бірге бірнеше фотоға түседі. Дегенмен дәрігерлер әйелдің денесінен жақында босанған адам белгілерінің жоқтығын байқайды. Алайда ерлі-зайыптыны белгісіз себептермен қамауға алмаған.
Бірнеше күн өткен соң ерлі-зайыптылар миы нөлдік белсенділікпен реанимацияда жатқан балаға қаражат жинау туралы жариялады.
Полиция әлеуметтік желіде әйелдің Марленге жазған хабарламалары арасындағы байланысты байқағаннан кейін ғана қамауға алады. Полицейлер Марленнің денесін Фигероаның ауласынан, ал оның көлігін гараждан тапты. Бала да есін жима көз жұмған. Кларис Фигероа 50 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс жасауға көмектескен басқа қатысушылардың жаза мерзімі белгісіз. Марқұмның артында күйеуі Йованни Лопес пен жасөспірім ұлы қалды.
"Сенің жазаң ешқашан жетпейді, өйткені менің ұлым ешқашан анасын құшақтай алмайды", – деді үкімді естіген марқұмның күйеуі.