Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еден жуғыш": Қарағандыда ұстазды балағаттаған ата-аналар жауапкершілікке тартылды

Қарағанды ​​облысының екі тұрғыны WhatsApp желісінде мұғалімді балағаттап, балалардың тегін білім алу құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды тұрғыны қызының мұғалімін сыйламай, WhatsApp желісінен балағат сөздер жазған. Ұстаз шыдап келгенімен, ата-аналардың соңғы “еден жуғыш” деп жазғаны намысына тиген. Олар мұнымен қоймай жемқорлыққа қатысты негізсіз айыптаулар таққан. Оқушысының сабаққа неге келмегенін білгісі келген ұстаз осындай сөздер естіген. 

Мұғалім Қарағанды ​​облысының білім сапасын қамтамасыз ету басқармасына көмекке жүгінген. Осыдан кейін ата-ана ҚРҚБП-ның 409-бабының 7-6-бөлігі "Мұғалімге қызметтік міндеттерін орындау кезінде құрметтемеу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап бойынша департамент ата-анаға 91 890 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Екінші оқиға Шахтинск қаласында болды. Онда ата-ана жүйелі түрде баланы СОК алу үшін мектепке жібермеген.

Пандемия кезінде балалар қашықтан оқыды. Бірақ СОК мектептен алынуы керек еді. Ата-ана ұстаздардың қанша өтінішіне қарамастан баласын мектепке жібермеген. Екінші тоқсаннан бастап балалар мектепке қайта оралды. Бірақ бұл ата-ана сонда да баласын мектепке жібермеген. Бұл үшін сот оған 42 882 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Баланың тегін орта білім алуға конституциялық құқықтары бұзылды", – деп атап өтті Қарағанды ​​облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті.

Сондай-ақ басқарма қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған мұғалімдердің кеңес және заңгерлік көмек алу үшін департаментке хабарласуға құқығы бар екенін айтты.

Талқылау