"ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекеге түспеуіміз керек": Тоқаев Ресейді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді тыңайтқыштар нарығында бәсекеге түспеуге шақырды. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумында сөйлеген сөзінде айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: РИА Новости
Тоқаев Ресейдің органикалық тыңайтқыштарды әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың бірі екенін атап өткен.
“Өнім өткізу нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстандағы Ресей тыңайтқыштарының импорты айтарлықтай артты. Мұның салдары отандық кәсіпорындарға әсер етіп отыр. Біз ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек деп санаймын. Біз бірлесе отырып, фермерлерімізге тыңайтқыштарды қол жетімді ету және сыртқы нарықтарға шығу жолдарын іздестіруіміз қажет. Қазақстан азық-түлік, тыңайтқыш және дақыл тұқымдары халықаралық санкциялық шектеулерге ілікпеуі керек деген позицияны ұстанады. Өйткені ол жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін қажет”, – деді Қазақстан президенті.
- Тоқаев пен Путин келіссөздер жүргізу үшін Ақордада кездесті
- Теміртаудың экологиясы қашан жақсарады– Экология министрі жауап берді
Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттер "біздің фермерлер үшін тыңайтқыштардың қолжетімділігін арттыру және сыртқы нарыққа шығу жолдарын бірлесіп іздеуі керек".
“Химия өнеркәсібі біздің елдеріміздің фермерлерін жоғары сапалы тыңайтқыштармен толық көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуі маңызды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.