Дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт спортшы қола медальға таласады
Фото: Stan.kz
Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында төрт қазақстандық қола жүлдеге таласуға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Таиланд астанасы Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалдық кезеңге өтті.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірден екі қазақстандық жартылай финалға жетті. Алайда Нұрәділ Әлжан жапониялық Таики Накамураға, ал Шерзод Довлатов Тайбэйден келген Ян Юн Вейге жол беріп, финалға шыға алмады.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ғалия Тынбаеваны жапониялық Хикари Ёшиока тоқтатты, сол себепті ол да финалға өте алмады.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетіп, үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алды. Финалдық бәсекелер бүгін өтеді, белдесулер Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
