Соңғы жаңалықтар

Джоли мен Питтің ажырасуының ел күтпеген себебі белгілі болды

Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Анджелина Джолидің ажырасуы әлі күнге дейін фанаттарға маза берер емес. Жуырда жұлдызды жұптың ажырасуының жаңа себептері белгілі болды.

2016921-brad9

Бұл туралы dni.ru жазды.

Елдің сөзіне сүйенсек, Анджелина мен Брэдтің ажырасуына Джолидің інісі Джеймс себеп болған.

Питт пен Джолидің ажырасуы жайында деректі фильм түсірген режиссер Ян Гальпериннің сөзінше, актрисаның туысы олардың үйіне қоныстанып алған.

“Джеймстің олардың отбасына жақын болғаны соншалық, ол солармен бірге өмір сүрді. Ол Брэдтің титығына жетті. Энжиге таңдау жаса деді: не мен, не ол» – дейді режиссер.

Ең қызығы, Анджелина мен оның інісінің арасындағы байланыс туралы ел бірінші рет дүрлігіп отырған жоқ. бұған дейін папарацци бірнеше рет туыстардың сахна сыртында сүйісіп тұрғанын түсіріп алған.

Ал 2000 жылы жанкүйерлер Анджелина мен Джеймстің қызыл кілем үстінде құмарға толы сүйісуінің куәсі болған, деп жазады Radar Online.

“Болған оқиға жайында сыбыстар құлағыма келіп жетті. Дегенмен, мұның жарнамалық амал болғанын түсінемін, алайда екінші жағынан ел сүйістің тым шынайы болғанын айтып жатыр”, – деген еді Брэд Питт.

Гальпериннің пікірінше, “жұп Брэдтің агрессияшыл қатынасының кесірінен ажырасты” деген болжам шындыққа жанаспайды.

“ФБР Питтің кінәсіздігін толық дәлелдеді”, – деп атап өтті режиссер.

Янның сөзіне қарағанда, қазір Джеймс пен Анджелина балаларды бірге тәрбиелеп отыр.

Еске салайық, Джоли 2016 жылдың қыркүйегінде ажырасуға арыз берген болатын. Актриса күйеуінің өз баласына дөрекілік танытқанын айырылысуға себеп қылған.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина туған күнін Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде атап өтті (фото, видео)

Актриса Линдси Лохан жағажайда мұсылман купальнигімен жүрді (фото)

Пэрис Хилтонның визажисті “қуыршақ” кейпіндегі қазақ қыздарын сынап тастады

Татуласқан Тимати мен Киркоров махаббат қаласына аттанып кетті (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр